Қазақстандық компаниялар CaspianOil & Gas 2017 көрмесіне қатысты

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар 31 мамыр мен 3 маусым аралығында Бакуде өткен Caspian Oil & Gas 2017 XXIV халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлайды.

Көрме мұнай саласындағы Каспий маңы өңірлерінің ірі іс-шарасы болып табылады, биыл бұл шарада 30 елден 289 компания бас қосты. Олардың арасында төрт қазақстандық компания - Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, Caspian Offshore Construction және «Еділ-Орал.kz» ЖШС бар.

«Көрме нәтижелі өтіп жатыр, біздің өнімімізге қызығушылық танытқан әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізудеміз. Осы жылы өзара ынтымақтастық өз жемісін беретініне сенімдімін», - деді Alageum Electric холдингтік компаниясының өкілі Әмір Ғалымов.

Caspian Offshore Construction бизнесті дамыту жөніндегі үйлестіруші Виталий Кириенконың айтуынша, бұл көрме басқа компаниялармен байланыс орнатып, оларме достық қарым-қатынас жасауға септігін тигізуде. 

2

3

Соңғы жаңалықтар