Қазақстандық компаниялар Арктикада ірі мұнай жобаларына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар үшін Ресейдегі мұнай-химиялық жобаларды игеруге мүмкіншіліктер туындауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Центразия Групп» ЖШС басқармасының төрағасы, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа мүшесі Алмас Құдайберген мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, мұнай-газ құрылысының нарығы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларының  жалпы құны жылына млрд доллар болатын жұмысымен бағаланады. ​

«​​​​​​​​​​Мұнай-газ құрылысы мен инжиниринг саласында 70 мың адам жұмыс атқарып келеді. ​​​​​​​​​​​Жеңіл және орта күрделі жұмыстарда негізінен қазақстандық компаниялар басым. ​​​​​​​​​Қазақстандық компаниялар мұнай-газ құрылысында жылына 120-150 млн долларды құрайтын жұмысты атқара алады. Технологиялық күрделілігі ауқым құрылыс жұмыстарына негізінен шетелдік мердігерлер қатыстырылады, алайда бірлескен кәсіпорындардың ашылуы бағытына қарай тренд қалыптасып келеді. ​​​​​Қазақстандық компаниялар үшін Ресейдегі мұнай-химиялық жобаларды игеруге мүмкіншіліктер туындауда. Бүгінгі таңда 1 500 қазақстандық азамат Ямалдағы (Арктика) жұмысқа тартылған», - деп атап өтті ол.

А. Құдайбергеннің айтуынша, Ямалдағы жоба Солтүстік Мұзды мұxитының жағасында жүзеге асырылуда және оған 2 мыңға тарта адам тартылған, оның ішінде 1500 адам - қазақстандықтар.

«Біздің компаниялардың бірі ол жобада қосалқы мердігер ретінде еніп отыр және электрмонтаж жұмыстарымен айналысып жатыр», - деді ол. 

Баспасөз мәслиxатында мәлім етілгеніндей, Ямалдағы жұмыстар қызған шақта 35 мыңнан астам жұмысқа тартылады. Сол кезде қазақстандық компаниялар аталмыш жобадағы өз үлесін де арттыруда көздеуде.

Соңғы жаңалықтар