Қазақстандық қаршадай қыз Паралимпиада чемпионы болғысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Тұрсынай Қабыл Дубайда өткен Азия ойындарында 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтингтен өткен жарыста бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшының өзінің айтуынша, жарысқа дайындалу оңай болған жоқ. Өйткені осыған дейін алған жарақаттардан сауығу қажет болды.

«Мен екі операция жасаттым, жарақатымнан соң екі айдай уақыт бойы жаттықтым. Біз өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырыстық және ол мақсатымызға жеттік»,-деді Қабыл.

Қысқасы, спортшы Азия ойындарындағы өзінің жетістіктеріне таңырқап отырған жоқ.

«2016 жылы жазғы Азия ойындарында біз бірінші орын алған болатынбыз. Сол себепті осы жолғы жарысқа дайындала отырып, біз жеңіске көп үміт арттық. Үмітіміз ақталды»,-деді ол.

Жоғары жетістіктеріне қарамастан спортшы осы бағындырған биіктерін қанағат етіп отырған жоқ.

«Егер бәрі дұрыс болса, біз Әлем кубогына дайындаламыз. Ал, егер одан әрі де жолымыз болса, бізді алдыда Олимпиада күтіп тұр. Сондықтан болашақтағы мақсат - бірнеше Әлем чемпионатын жеңіп, Олимпиада чемпионы атану»,-дейді спортшы.

Дубайда қазақстандық зілтемірші қыз 51 келі салмақты бағындырды.

Соңғы жаңалықтар