Қазақстандық ғалымдар аграршылар үшін 5 түрлі жаңа техника жасап шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдар аграршылар үшін жаңа техниканың түрлерін жасап шығарды. Бұл туралы ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕАҚ  Басқарма төрағасы Асқар Наметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақ Ұлттық зерттеу институтының Қостанай филиалы өздері ойластырған техниканың базасы негізінде егіс қарсаңындағы тұқымды өңдеу және егіс кезіндегі өнімді жинау бойынша көліктік-тракторлық станция жасап шығарды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер техниканың тәп-тәуір екенін, біздің ауа райының жағдайына сай келетінін және оның бағасы бәсекеге қабілетті бола алатынын көріп отыр. Осылайша, техниканы сатып ала бастады. 2016 жылы біздің ҰЗИ арқылы 120 млн теңгенің, биыл 200 млн теңгенің техникасы сатылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 250-300 миллионға дейін жеткізу көзделуде», - дейді Асқар Наметов.

Оның айтуынша, Қазақ ҰЗИ-ның ауыл шаруашылығы механизациясы мен Қазақстан аграрлы-инновациялық корпорациясы жаңа техникаларды шығару бағытында келісімге келген. Биылғы жылы техникалардың 5 түрінің алғашқы нұсқалары шығарылып, олар сынақтан өтіп, келесі жылы сериялық шығарылымдары іске асады. Сонымен бірге қазақстандық тағы екі зауытпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Асқар Наметов сонымен қатар, өз сөзінде қазақстандық ғалым-аграршылардың ойлап тапқан 600-ге жуық жобалардың 80-і қолданысқа енгізіліп, олардың ішіндегі 16-ы инновациялық жобалар үшін гранттық бағдарлама аясында қаржыландырылғанын айтады. Бұл гранттар Бүкіләлемдік банк пен Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік пен Ғылым Қорына тиесілі. Барлық жобалардың жеке сектор мен қосымша бірлесіп қаржыландыру қаржыландыру көздерінен бизнес-серіктестері бар.

Соңғы жаңалықтар