Қазақстандық дзюдошы Германияда «қола» жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Германияның Бад-бланкенбург қаласында жастар арасында өткен халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш (+78 кг) жүлдегер атанды.

Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қола үшін белдесуде Камила франциялық Раухити Вернаудоннан басым түсіп, Қазақстан қоржынына қола медалін салды.

Айта кетейік, аталмыш турнирге Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар