Қазақстандық джиу-джитсудан халықаралық турнирде қола жүлде алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Jiu-Jitsu Grand Slam Paris Open JJIF 2017 халықаралық турнирінің бірінші күні Қазақстан құрамасына алғашқы қола медальды маңғыстаулық спортшы Әбубәкір Жәнібек салды, деп хабарлайды Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының баспасөз қызметі.

«Сайыс өте тартысты өтті, бәсекелестік күшті болды. Алғашқы күресте жастар арасындағы джиу-джитсу чемпионы, Франция құрамасының спортшысы Тоуати Дюланды жеңдім. Екінші айқаста украиналық спортшыдан жеңіліп қалдым. Әрі қарай Швецияның, Францияның спортшыларымен кездестім. Үшінші орын үшін Ресей құрамасынан келген қарсыласым мықты болды, 6:2 есебімен жеңіске жеттім», - деді халықаралық турнирдің қола жүлдегері Әбубәкір Жәнібек.

Халықаралық турнир Парижде өтіп жатыр. Бүгін ұлттық құрама спортшылары неваза-систем бойынша чемпион атағы үшін бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар