Қазақстандық балуан 148 тонналық вагоны бар тепловозды сүйреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада алып күш иесі Сергей Цырульников еліміздегі жаңа рекордқа қол жеткізді. Ол салмағы 148 тонналық вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп апарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өте күрделі болды. Әу баста тепловозды орнынан оңай қозғалттым. Сондықтан, бірден оған вагонды тіркеуді жөн деп шештік. Қашықтықтың соңғы шегіне келгенде өте қиын болды. Басым айналып бара жатқанын сездім. Қолымды да, аяғымды да сезбей, дел-сал күйде қалдым. Десе де, әлемдік рекордты орнатуға әзірмін. Қазақстанда алып күш иелері тұрып жатқанын дәлелдеуге дайынмын», - деді ол рекордты орнатқаннан кейін.

Оның айтуынша, әлемдік рекорд қазіргі уақытта 153 тонна болып отыр. Ал қазақстандық бүгін 148 тоннаны сүйреді.

«Пойызды қозғалту - менің басты мақсатым емес. Мақсатым - ізгі дәстүрді жалғастыру. Мен бұл туралы барынша көп адамға айтып бергім келеді. Мен біздің батырларды әлемнің танығанын қалаймын. Себебі, батыр қазақ ежелден әйгілі. Менің тапсырмам - осы дәстүрді жалғастыру. Себебі, біздің бәріміз де батырлармыз. Ең маңыздысы да осы», - деді Сергей Цырульников.

Ол өзін қазақ балуандары Қажымұқан мен Балуан Шолақтың ізбасары санайды.
null 

«Мен олардың дәстүрлерін, ұлы даланың күш-пәрменін таныту мәдениетін жалғастырушысымын. Қазақта «Аруақ» деген сөз бар. Бабалардың, ұлы даланың батырларының аруағы бізді ізгі жолды ұмытпай, оны жастарға қалдыруды талап етеді», - деді ол.

Сергей Цырульниковтың айтуынша, аталған рекордқа айтарлықтай дайындық болмаған.

«Екі айдай дайындалдым. Бірақ, көптеген ауыр заттарды сүйрегендіктен, тәжірибем зор болды. Мен 25 тонналық КамАЗды үш жүз метрге, 18 тонналық БТР-ді сүйредім. Сонымен бірге, шапшыған тұлпарларды тырп еткізбей ұстадым. Ал пойыз - мен үшін келесі кезең болды», - дейді ол.
null 

Сонымен қатар, ол өзінің рекордын Астананың 20 жылдығына арнайтынын айтты.

«Мен осы жерде туып-өстім. Киелі өңірде жетілдім. Сондықтан, өз рекордымды бүкіл қазақстандықтарға, біздің жердің батырларына арнаймын. Мен - қазақпын! Төлқұжатымда беларусь деп жазылып тұр. Бірақ, мен маған киелі рух сыйлай білген, мені батыр етіп тәрбиелеген, аруақты елдің қорғаны - Қазақстан жерінде тудым. Сондықтан, мен жан-жүрегіммен қазақпын», - дейді алып күш иесі.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар