13:33, 27 Наурыз 2017 | GMT +6
Қазақстандық азаматтар Башқұртстанда жол апатына түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 35 жастағы қазақстандық Мәскеу-Уфа тасжолында орын алған көлік апатында көз жұмды, деп хабарлайды «Комсомольская правда».
26 наурыз күні Мәскеу-Уфа трассасында жантүршігерлік апат болды. «Лада Приора» машинасын тізгіндеген 35 жастағы қазақстандық қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗ-28243» сүт таситын көлікпен соқтығысқан.
Болжам бойынша, ер кісі рульге ие бола алмай қалған. Ол апат орнында көз жұмды. Машина салонында қазақстандық екі жолаушы болған. Олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.