Қазақстандағы жалғыз әйел-инкассатор Қостанайда жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы жалғыз әйел-инкассатор Қостанайда жұмыс істейді. Қарабалық ауданының инкассатор-фельдъегері Асылай Баймақанова «Алтын көгершін» кәсіби сыйлығының иегері атанды. Марапат Дүниежүзілік пошта күніне орай табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік «Айна» газетіне сілтеме жасап.

Асылай Баймақанова Қарабалық ауданының пошта байланысы қызметінде 17 жылдан астам ауақыт еңбек етеді. Оның күнделікті міндетіне арнайы, шұғыл және ерекше құжаттарды жеткізу кіреді. Оның қоластында төрт ер адам жұмыс істейді - үшеуі инкассатор жүргізуші және бірі инкассатор. Асылай күніне екі рет оларға қару беріп, нұсқаулық өткізеді. Сондай-ақ атудан оқу-жаттығулар ұйымдастырып тұрады.

Пошта басшылығы Асылай Баймақанованы Қазақстандағы жалғыз инкассатор әйел екенін айтуда.

Инкассаторлардың арнайы киімі, белдегі тапанша және тік көзқарас - еріксіз өзіне назар аудартады. Оның кәсіби еңбегі елеусіз қалмады. Асылай үшін бұл облыс басшылығынан алған екінші марапат. Осындай алғашқы сыйлықты ол 2006 жылы алған болатын.  

Соңғы жаңалықтар