Қазақстандағы МӨЗ-дер үш жылда бір жөнделетін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттары үш жылда бір рет қана жөнделетін болады. Бұл туралы Парламент  Мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Трансформациялау жөніндегі аға вице-президенті Глеб Люксембург мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұнай өңдеу зауыттары саласында үш жылдық жөндеу аралық кезеңге көшу ескеріліп отыр. Көптеген батыстық, ресейлік компаниялар осындай тәртіпке көшті. Бұл өз кезегінде біздің зауыттардың жылына бір рет күрделі жөндеуге тоқтамайтындығын білдіреді. Яғни, осындай шараларды тек үш жылда бір рет жүзеге асырады»,-деп тоқталды Г. Люксембург «Самұрық-Қазына» АҚ-да мемлекеттік ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы» атты «дөңгелек үстелде».

Оның сөзіне қарағанда, аталған тәртіп арқылы мұнай өнімдерін шығаруда зауыттың 30-40 күндік өнімділігін жоғалтпауға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, Люксембург алдағы уақытта бес жылда бір рет жасалатын күрделі жөндеуге де көшу мүмкіндігі болатындығын сөз етті.

Соңғы жаңалықтар