Қазақстандағы ірі қара мал басы ашығып жүр - Қайрат Айтуғанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ірі қара мал басы тиісті деңгейде жемделмей жүр. Бұл туралы Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының «Жеке шаруашылықтарды копперациялау - өнім өндірісін ұлғайтудың жолы» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстар мен аудандар бойынша есептей келе, бүгінде еліміздегі мал басы ашығып жүргенін байқадық. Осы орайда бұл ірі қарадан ет пен сүт өнімділігін талап ету орынсыз. Себебі мал басы тиісті деңгейде жемделмеген. Тәулігіне бір жануар 9 бірлік азық өлшемі (осымен жем-шөптің жұғымдылығы мен энергетикалық құнарлығы анықталады) деңгейінен кем емес тұтынуы тиіс. Бүгінде жеке шаруашылықтардағы мал басына 2,9 бірлік азық өлшемі беріледі, яғни үш есе аз. Осындай көрсеткішпен ет пен сүт өндіру жайында айту қиындау. Ал ұйымдастырылған шаруашылықтарда 5,2 бірлік азық өлшемімен қамтылған. Атап айтқанда, бұндай көрсеткіштер жануарлардың ашығып жүргенін білдіреді»,-деді Қайрат Айтуғанов.

Оның сөзіне қарағанда, ет пен сүттің құрылымына назар аудару керек, яғни өзіндік құнында 70 пайызға дейінгі көлемін жем-шөп құрайды.

«Егер жем-шөпті өндіру деңгейін арттырмасақ, арзан ет пен сүтке қол жеткізу мүмкін емес»,-деп түсіндірді бірінші вице-министр.

Соңғы жаңалықтар