Қазақстанда жылу мен энергияның тарифтері тым төмен - Дивакара Гупта

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Азия даму банкінің вице-президенті Дивакара Гуптаның айтуынша, шетелдік инвесторлар Қазақстанның энергетика саласына ақша салғысы келмейді. Себебі тарифтер тым төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан энергетика инфрақұрлымын жаңарту қажет. Себебі инженерлік желілер ескіріп қалған. Соның салдарынан энергия мен жылудың біраз бөліні желге ұшып жатыр. Ал инфрақұрылымды жаңарту үшін қаржы қажет. Инвесторлар өз ақшасын оған салғысы келмейді. Өйткені осы саладағы тарифтер төмен. Әсіресе, жылу жүйесінің жағдайы нашар. Оны жаңарту үшін қыруар ақша қажет», - деді Д. Гупта ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Азия даму банкі энергетика саласындағы жаңа саясатты қолдауға әзір. «Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Меніңше, ол тәжірибе тұтынушыға тиімді, қоршаған ортаға пайдалы болады», - деп атап көрсетті банктің вице-президенті. Бүгіннен бастап Дивакара Гупта ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде қабылданды. 

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, аталған орталық келесі жылдан бастап толыққанды жұмысістей бастайды .  «GE Oil & Gas» басшысы Лоренцо СимонелиҚазақстанда индустриалдық интернетті кеңінен дамытуды ұсынды . Ал Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Байқоңырдың жанында жаңа күн электр станциясының салынатынын мәлімдеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар