Қазақстанда жол апаты қаңтар-тамыз айларында 8,4%-ке азайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 587, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ке аз жол-көлік оқиғасы тіркелді, «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда есепті кезеңде жол апатынан 15 140 адам зардап шеккен.

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі есепке сәйкес, Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары жалпы сомасы 15,7 млрд теңге болатын 46 485 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Соңғы жаңалықтар