Қазақстанда жаңа медиаодақ құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінде еліміздің танымал медиабасшылары мен журналистер тобы «Қазақстан Медиаодағы» қоғамдық ұйымын құрғанын жариялады. 28 маусым - журналистер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтетін күні одақ басшыларының бірінші жалпы жиналысы болып өтті.

«Қоғамдық ұйымды құру кәсіби журналистер мен журналистика саласын нығайтуға бағытталған ақпараттық кеңістіктің қатысушыларын кәсіби қоғамдастыққа шоғырландыру қажеттілігінен туындады», - делінген ұйымның хабарламасында.

«ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров, Арманжан Байтасов, Ерлан Бекхожин, Ерлан Қарин, Шәмшидин Пәтеев, Нұртөре Жүсіп, Нұржан Мұхамеджанова, Батыр Қазыбаев, Дана Орманбаева, Айдар Жұмабаев, Виктор Кияница, Михаил Дорофеев, Арман Шораев және Бейбіт Әлібеков  одақтың құрылтайшылары болды. 2017 жылдың қаңтар айында «Қазақстан Медиаодағының» бірінші съезі өткізіліп, онда басқарма мүшелері сайланады және одақ қызметінің негізгі бағыты талқыланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар