Қазақстанда туу мен өлім көрсеткішінің арақатынасы қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының есептеуішіне сәйкес, елімізде әрбір 1,2 минут сайын бір нәресте дүниеге келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі онлайн есептеуішке сілтеме жасап.

Есептеуіштің мәліметі бойынша әрбір 81 секунд сайын бір нәресте туылса, 261 секундтан кейін бір адам көз жұмады. Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда 373 201 адам дүниеге келді. Ал қайтыс болғандардың саны 125 561-ді құрады. Бір күннің ішінде Қазақстан халқы шамамен 300 адамға артып отырады.

Бұдан бөлек, елімізге келіп-кетіп жүрген адамдардың санын да көруге болады. Қазақстанда иммигранттардан бұрын эмигранттар, яғни елден кететіндер басым болып тұр. Жыл басынан бері 15 253 адам келсе, 34 347 шекара асып кеткен.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосқан болатын. Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады. Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. 

Соңғы жаңалықтар