Қазақстанда тағы 11 жолдың құрылысы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 11 жолдың құрылысы басталады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, төрт жолдың құрылысы бюджет қаржысына атқарылса, жеті жобаны xалықаралық банктер қаржыландырады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ағымдағы жылда біз тағы төрт жолдың құрылысын бастаймыз. Олар - Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскесен-Бақты және Үшарал-Достық. Бұдан бөлек, xалықаралық қаржы институттарының қаржысына жеті жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Заемның жалпы көлемі - 1,8 млн доллар. Аталған жолдардың жалпы ұзындығы - 1422 шақырым. Мәселен, Азия Даму банкінің есебінен Қандығаш-Мақат пен Жетібай-Жаңаөзен, Дүниежүзі банкінің ақшасына Құрты-Бурылбайтал, Ұзынағаш-Отар мен Балқаш-Бурылбайтал, ал Ислам даму банкінің қаржысына Ақтөбе-Қандыағаш пен Атырау-Астраxань жолдарында тиісті жұмыстар басталады», - деді Пішембаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Комитет басшысының айтуынша, ағымдағы жылы Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавловск пен Орал-Каменка жолдарының құрылысы жалғасуда. Ол үшін 356,2 млрд теңге бөлінді. Жылдың аяғына дейін барлығын қосқанда, 600 шақырым жолдың жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. «Бейнеу-Ақтау мен Алматы-Талдықорған толығымен аяқталады», - деп атап көрсетті Пішембаев.

Соңғы жаңалықтар