Қазақстанда сұйытылған газ саудалайтын электронды алаң құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сұйытылған газ саудалайтын электронды сауда алаңы құрылады. Бұл жайында бүгін ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев мәлім етті. 

«Министрлік сұйытылған газдың бағасын қалыптастыруды мемлекеттік реттеуден бірте-бірте бас тартуға бағытталған қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу тұжырымдасын және сұйытылған газ бойынша жасалатын барлық мәмілелердің барынша ашық болуы әрі өндірушілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау үшін электронды сауда алаңы тетігін әзірледі», - деді ол.

Қияқбаевтың сөзіне қарағанда, электронды сауда алаңы үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгейде ҚР-ның «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңа нормалар енгізілетін болады. Екінші деңгейде электронды сауда алаңында сауданың жалпы қағидалары бекітіледі. Үшінші деңгейде сауда операторының ішкі құжаттары әзірленіп, қатысушыларға талаптар қойылады және егжей-тегжейлі қағидалар мен регламенттер әзірленеді.

Жалпы, оның айтуынша, 2001 жылдың 1 тоқсанынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газына белгілеген көтерме бағасы қосылған құн салығын есептемегенде тоннасына 28 мың теңгені құрайды. Ал шекаралас елдердегі көтерме баға мұнан айтарлықтай жоғары. Мәселен, Ресей нарығында газдың қосылған құн салығымен есептегендегі 1 тоннасы 125 мың, Тәжікстанда 107100, Қазақстанда 31360 теңге болып отыр.

«Елімізде сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндің құны Қазгермұнайда тоннасына 43,4 мың, Қазақойл-Ақтөбеде 48 мың, CNPC-те 38,6 мың, ҚазГӨЗ-де 32 мың, KazFrac-та 47 мың теңгені құрайды. Яғни, өндірудің өзіндік құны өткізудің көтерме сауда бағасынан айтарлықтай жоғары», - деді Қияқбаев.

Соңғы жаңалықтар