Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган құру ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда стандарттау бойынша барлық мәселелерді реттеп отыратын ұлттық органды құру қажет. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде «Стандарттау туралы» ҚР заң жобасының бірінші оқылымында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Нарықтық қатынастың талабына сай қадағалау, сертификаттау және стандарттау органдарын бөлу қажеттігі туындады. Бұл мүдделер арасындағы даудың туындамауына септігін тигізді. Кәсіпкерге сертификаттау жөніндегі уәкілетті тәуелсіз орган береді. Ал мемлекеттік бақылауды мемлекет жүргізеді. Бұдан ары нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстан 2004 жылы түбегейлі жаңа заң қабылдады. Ол үздік халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа екі деңгейлі жүйені құрды», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Министр айтуынша, қауіпісіздік мәселелерінде техникалық саясатқа баса назар аударудың қадамы жасалған.

«ЕАЭО-да техникалық реттеу ол тек өнімге қойылатын міндетті талаптарды реттейтін болады. ДСҰ аясында стандарттар ұсынымдық сипатқа ие болды. Ал ұлттық стандарттар көп жағдайда халықаралық талаптарға сай болуы тиіс. Сондай-ақ, міндетті талаптар тек техникалық регламенттерге белгіленуі керек», - дейді заң жобасы туралы Инвестициялар және даму министрі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Германия, Ұлыбритания, Испания, Аустрия, Норвегия, Қытай секілді елдерде стандарттау туралы заң жұмыс істеп тұр. Ал ЕАЭО аясында Қазақстанның серіктесі болып отырған Ресей осындай жолмен дамып келеді.

«Қазақстандық модельдің үйлесімін біз Ұлттық стандарттау жүйесін құру арқылы шешуге болатынын көріп отырмыз. Ол жерде мемлекет пен бизнес-тұтынушының тең құқығы болуы керек. Мемлекет бірақ осы тұста техникалық саясат пен қауіпсіздік мәселелеріне келгенде жүйенің жұмысына араласады. Біз әлемнің дамыған елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, стандарттау бойынша ұлттық органды құруды ұсынамыз. Осылайша, стандарттау бойынша барлық сұрақтарды бақылауға алып, мүдделері бар барлық тараптардың тек құқықтығын қамтамасыз етеді. Бұл орган - оператор болады. Ұлттық орган - мемлекеттік әрі заңды тұлғаболады», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар