Қазақстанда шұжық, ет, сүт және алкоголь өнімдері қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың тамызында шұжық, ет, сүт және алкоголь өнімдері қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берілген ақпаратқа сәйкес, үстіміздегі жылдың тамыз айында азық-түліктің кейбір түрлерінің бағасы көтерілген: шұжық - 1,4 %-ке, құс еті - 1,2 %-ке, сиыр және шошқа еті - 1,1 %-ке, жылқы еті мен қой еті - 0,4 %-ке қымбаттаған. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2 %-ке, ал алкогольді ішімдіктердің бағасы 1 %-ке көтерілген.

Жалпы, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы бір айда 0,7 %-ке артқан болса, азық-түлік тауарларының бағасы 0,9 %-ке төмендеген. Атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдерінің маусымдық арзандауы 9,2 %-ті көрсеткен. Биылғы жемістердің бағасы 4,4 %-ке, көкөніс 13,2 %-ке, картоп 20,4 %-ке арзандаған.

Бұдан тыс, арзандаған азық-түлік тауарларының қатарында ұсақ қант (2,2 %), қарақұмық (2,9 %) және жұмыртқа (1,5 %) да бар. Бұлардың бағасының төмендеуіне себеп ретінде министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында аталған өнімдердің нарықтағы профициті келтіріледі.
Статистикалық мәліметтерге орай, тамызда жыл басына қарағанда 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1 %-ті құраған. Қазақстанда тамыз айында инфляция 0,1 %-ті, жыл басынан бері 3,9 %-ті, жылдық көрсеткіш бойынша 7 %-ті құраған.

Соңғы жаңалықтар