Қазақстанда саясаткер болғысы келетін әйелдердің саны өсіп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда мемлекеттік қызметте әйел адамдардың саны көбейіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы үш жылда мемлекеттік қызметтегі әйел адамдардың саны 54 пайыздан 56 пайызға дейін көбейді. Сонымен бірге саяси қызметте жұмыс істейтін әйелдер саны 2015 жылда 1 пайызға, ал 2016 жылы 0,4 пайызға өсті. Нақты санмен келтірсек, 2014 жылы Қазақстанда саясаткер әйелдердің саны 34 адамды құраса, 2015 жылы - 39, ал 2016 жылы аталған көрсеткіш 43 адамға дейін жетті» - дейді агенттіктің мемлекеттік қызмет департаменті мониторинг және талдау басқармасының басшысы Нұргүл Жанназарова.

Жалпы, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте 51 151 әйел адам жұмыс істейді. Бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің 55,5 пайызын құрайды. Осылайша, мемлекетке қызмет етіп жүрген әйелдердің саны 0,5 пайызға көбейіп отыр.

Соңғы жаңалықтар