Қазақстанда радиолокациялық техника шығаратын зауыт ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазановтың қатысуымен үш координаталы радиолокациялық станцияларды шығаратын «Groud Master 400» (қазақстандық индексі - «НҰР») Қазақстан мен Францияның бірлескен кәсіпорны ашылды. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.



Осы жобаның қатысушылары - Қазақстанда сантиметрлік диапазон толқындардың үш координаталы радиолокациялық станцияларын шығаратын «Groud Master 400» мен «Казақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюро» ЖШС және «Талес» компаниясы (Франция) екіжақты меморандумға қол қойған.

Осындай жоба қазақстандық армияның, сондай-ақ осы өңір мемлекеттерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оны іске асыру кезінде өндірістік станцияларды республика аумағында шығарылатын тораптармен, агрегаттармен, байланыс құралдарымен және арнайы автомобиль техникасымен жиынтықтай отырып, оқшауландырудың 70%-дан астам деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда. «Гранит-Талес Электроникс» ЖШС-та 150-ден астам жұмыс орны құрылды, технологияларды трансферттеу көзделуде.

Қазақстанда шығару жоспарланатын радиолокациялық техника өзінің тактикалық-техникалық сипаттамасы бойынша әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады, ол радиолокациялық барлауға және әуе кеңістігін бақылауға арналған.

Жоба шеңберінде радиолокациялық техниканың перспективті типтерін шығаруды меңгеруге болатындығын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар