Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеудің электронды жүйесі енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеудің электронды жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Электронды еңбек биржасы базасында хабарландыру тәртібімен кірісі ең төменгі жалақыдан кем өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеудің электронды жүйесін құру жоспарланып отыр», - деді Еңбек министрі.

Оның түсіндіруінше, тіркеу туралы ақпараттар ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде көрініп тұратын болады.

«Толықтай алғанда, еңбек биржасында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жасалған еңбек келісімшарттары туралы мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына түседі және бұл азаматтың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде беруді қамтамасыз етіп, тұрақты түрде өзектендіріп отыруға жағдай жасайды. Бұл жағдайда, Бақытжан Әбдірұлы, біз жыл сайын жүзеге асырылатын әрбір отбасының үйін аралап, олардың мәртебесін анықтау әдісінен арылатын боламыз», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.

Соңғы жаңалықтар