Қазақстанда өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері артып барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Парниктік газдар мен озонды бұзатын заттарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның айтуы бойынша, Қазақстанда жиналып қалған қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері 100 млн тоннаға жеткен.

«Қалғандары  өнеркәсіптік қалдықтар. Біз аталған қалдықтардың мөлшері артып келе жатқанын байқап отырмыз. Өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мақсатында өңдеуші кәсіпорындардың сақтау мерзімін өзгертуді дұрыс деп есептейміз. Қалдықтар бойынша мәселелерді мемлекеттік қолдау бар маңызды тізімге енгізуді ұсынамыз. Сонымен қатар, қалдықтарды қауіпті және қауіпсіз деп екіге жіктеуді қажет деп білеміз», - деді ол ведомствоаралық отырыста.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, экологиялық кодекске қалдықтарды 6 ай мерзімге дейін сақтау туралы өзгерістер енгізілген. Өкінішке орай, норма тек қана қалдықты шығармайтын, кәдеге асыру, қайта өңдеу, қалдықтарын залалсыздандыру үшін басқа орындарға жөнелтетін кәсіпорындарға қатысты қолданылады.

 Сондай-ақ Ғани Сәдібеков заң жобасы жалпы саланың дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

«Халықаралық талаптарға сай келтіру үшін аталған заңның жүзеге асуы қалдықтармен жұмыс атқару, екінші шикізат ретінде қолданатындай оны қайта өңдеуге қол жеткізіп, жасыл экономика концепциясына өтуге мұрындық болады», - деп түйді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар