Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қаңтар-ақпанда 8,9 процентке артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 12,463 млн тоннаға артты, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,9 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Аталған мерзімде газ конденсаты 2,198 млн тонна, табиғи газ 9,207 млрд куб. м, көмір 19,761 млн тонна, темір рудалары 6,255 млн тонна, жез рудасы 14,692 млн тонна, құрамында алтыны бар рудалар 3,076 млн тонна, хром қоспасы 678,1 тыс. тонна көлемінде өндірілді.

Соңғы жаңалықтар