Қазақстанда мұнай қоры 76 млрд тоннаға дейін артуы мүмкін

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай қоры 76 млрд тоннаға дейін артуы мүмкін. Геологтардың бағалауынша, 5-12 шақырым тереңдіктегі тұзды күмбездердің астында барланбаған көптеген шикізат жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстанның қоры қазіргі таңда 5,5 млрд тонна мұнайды құрап отыр. Бұл  алынатын қор. Геологияллық қордың көлемі шамамен 15 млрд тонна. Ірі кен орындардың көптеген бөлігі 5 шақырым тереңдікте орналасқан, алайда геологтар одан да көп тереңдікте мұнай бар деп есептейді. Сондықтан болжамды ресурстар 75-76 млрд тоннаға жетті. Бұндай көрсеткіштер Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңының мүмкіндіктерін қайта бағалауға байланысты жасалды. Мұнай 5-тен 12 шақырым тереңдіктегі тұзды күмбездердің астында орналасқан», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов.

Балтабек Қуандықовтың айтуынша, бұл болжамды 15 шақырым тереңдіктегі ұңғыманы бұрғылау арқылы растауға болады. Жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық консорциум құрылды. 

Соңғы жаңалықтар