Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының құны 2 трлн теңгеге жуықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктігі іске асырылып жатқан және дайындық үстіндегі жобалардың құны 2 трлн теңгеге жуық қаржыны құрады. Бұл туралы Сенатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылға дейінгі барлық кезеңде 61 млрд теңгеге 23 шарт іске асырылды. Ал 2017 жылдың өзінде олардың саны 7 есеге артты. Бір жылдың ішінде 146 млрд теңгеге 160 келісімшарт бекітілді. Биыл 11 келісімшартқа қол қойылды. Жалпы, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданыстағы портфелі 194 жобаны қамтып отыр, бұл өткен 10 жылға қарағанда 8 есеге артық. Ағымдағы жобалардың құны 402 млрд теңге және дайындық кезеңіндегі тағы 500 жоба 1,5 трлн теңгеге бағаланған», - деді Дәленов.

Осы орайда ол бұндай жобалардың артуына 2015 жылдың соңында қабылданған тиісті заңнама ықпал еткенін атап өтті. Аталған 194 жобада бүгінде түрлі салалар қамтылған.

Руслан Дәленовтың сөзіне қарағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жылдам өсуіне негізгі фактор ретінде соңғы жылдары жеке қаржылық бастамалар мен жергілікті атқарушы органдардың өзіндік қадамары да әсер етті.

Соңғы жаңалықтар