Қазақстанда мемлекеттік архивтер ақылы негізде көрсететін қызметтердің тізбесі нақтыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенатының отырысында аталмыш заң жобасы турасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндама жасаған болатын.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді. Өздеріңізге белгілі, бұл бағыттағы заң 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған болатын. Заң қабылданған 20 жылдың ішінде қоғам жаңа сипат алды. Экономика басқа арнаға бет бұрды. Тиісінше жаңа үрдістер пайда болды. Бұл ретте осы жылдар аралығында заңға айтарлықтай ауқымды өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген. Осыған орай, қолданыстағы заңның нормаларын заман талабына сай сәйкестендіру қажеттілігі туындады», - деді министр.

Оның айтуынша, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен ҚР Бюджет кодексінің 70-ші бабына мемлекеттік архивтерге ақылы қызметті көрсетуден түскен қаражатты басқару құқығын беретін норма енгізілген.

«Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңында біріншіден ұғымдық аппарат кеңейтілді. Мысалы, архив, архивті құжат, архив ісі сияқты ұғымдар нақтыланады. Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу, ұлттық архив қоры құжатын басқаруды қамтамасыз ету, аса құнды құжат, құжаттарды тәртіпке келтіру деген ұғымдар айналымға енгізілді. Екіншіден, мемлекеттік архивтер ақылы негізде көрсететін қызметтердің тізбесі нақтыланды. Бұлар - атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша генеологиялық және тақырыптық сипаттардағы ақпараттарды анықтау, архив құжаттарын реставрациялау, конвертациялау, түптеу және басқа да сұрау салуларды орындау. Үшіншіден, дәстүрлі және электрондық құжаттарды рәсімдеу, басқару және сақтау бойынша талаптардың ведеомтвоаралық сипатын ескере отырып, біріктірілген нормативтік құқық актілерін бекіту құзіретін Үкімет деңгейінде қалдырау ұсынылады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр атап өткендей, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ҚР заңын түзету арқылы электрондық құжат айналымы мен электрондық архив мәселелері бойынша уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың құзіретін кеңейту қарастырылған.

Фото: sheksnainfo.ru

Соңғы жаңалықтар