Қазақстанда қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы өнімдері 3,3%-ға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпандағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 233 529 млн теңге болған, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Есептік кезеңде өндірілген өнімдердің жалпы көлемі мынадай: мал шаруашылығы - 220 680,3 млн теңге (былтырғы осы кезеңнен 3,4%-ға артық), егіншілік - 9953,7 млн теңге (0), ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер - 57,9 млн теңге.

Өз кезегінде өндірілген өнімдер (қызметтер) көлемі мынадай: аң аулау шаруашылығы - 174,4 млн теңге, орман шаруашылығы - 1539,5 млн теңге, балық шаруашылығы мен аквамәдениет - 1123,2 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар