Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында электр қуатын өндіру 11% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында электр қуатын өндіру көлемі 19,791 млрд кВт/сағ деңгейіне жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 11,2 процент жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтемемен.

Есепті кезеңде 24,516 млн Гкал жылу энергиясы өндірілген (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 6,1 процент өскен), ал сумен қамту көлемі 422,257 млрд шаршы метрге жеткен (-0,6 процент).

Соңғы жаңалықтар