Қазақстанда еңбек мигранттарын рәсімдеу оңтайландырылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шетел азаматтары арасында Қазақстанның еңбек нарығына деген сұранысының артуына орай, олардың ел территориясында еңбек етуін ресми рәсімдеу процесі одан әрі жеңілдетілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғұмбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүшелерінің 21 отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жыл өткен сайын Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келетін шетел азаматтарының саны артып келеді. Әсіресe, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінен Қазақстанға еңбек етуге келетіндер көп. Келушілер саны артқандықтан, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасының бұзылуы да жиілей түскен.

«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзған 109 852 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 685 азамат сот шешімімен ел аумағынан аластатылды», - дейді Ерлан Тұрғұмбаев.
null

Оның айтуынша, еңбек мигранттарын рәсімдеу процесін жеңілдету арқылы дамыған елдерден келетін кәсіпкерлердің ел аумағында жұмыс істеуіне қолайлылық жасалады.

«Туристердің көптеп келуіне және олар өздерін Қазақстан аумағында қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау біздің міндетіміз», - дейді полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғұмбаев.
null

Айта кетсек, ағымдағы жыл басынан еңбек мигранттарын рәсімдеу орталығы шетел азаматтарына қызмет көрсетіп келеді. Осыған дейін бұл процесті жүзеге асыру бірнеше күнге созылса, қазір небәрі бір сағат уақыт жұмсалады.
null

Жолдас Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар