Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қанша инвестиция керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақау саласындағы инфрақұрылымға қомақты қаржы қажет болып тұр. Бұл туралы Сенатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикада халыққа медициналық қызметтерді 7 мыңнан астам амбулаториялық-емханалық нысандар және 800-ден астам стационарлық көмектің нысандары іске асырады. Олардың ішінде 80-ге жуығы мемлекеттік. Аталған нысандардың тозуы 50 пайыздан асып отыр. Медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 70 пайызды құрады, сонымен бірге оның тозу көрсеткіші 35 пайызға жетті. Аталған мәселелерді шешу үшін денсаулық сақтау саласына 1 трлн теңгеге жуық инвеститиция тарту керек. Бұл тұрғыда осы қажеттіліктің қандай көлемін жеке инвестициялар есебінен іске асыруға болады деген сұрақ туындап отыр. Осыған байланысты медициналық ұйымдар желісін жоспарлау инфрақұрылымды дамытудың өңірлік перспективалы жоспарлар деңгейінде жүйеленеді», - деді Ақтаева.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде өңірлермен бірлесе осы жоспарларды даярлау бойынша жұмыстар аяқталуға таяу.

«Енді инвесторлар үшін қай облыста инфрақұрылымды дамыту үшін қандай бағыттар бар екені түсінікті болады», - деді вице-министр.

Белгілі болғандай, бүгінде денсаулық сақтауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары 138-ге жеткен. Оның ішінде 37-сі жүзеге асыру кезеңінде, ал 101 жоба бойынша құжаттар даярланып жатыр.

«138 жобаның арасында үшеуі республикалық маңызда, қалғаны жергілікті маңыздағы нысандар»,- деді Ләззат Ақтаева.

Фото: resurs-m.com

Соңғы жаңалықтар