Қазақстанда демалыс күндері жауын-шашынды болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда демалыс күндері жауынды болып, кей жерлерде желдің күшеюі болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанның көптеген аумақтарынан жауын-шашынның қысқа мерзімге  тоқтауын шақырған антициклон, алдағы бірнеше тәулікте Шығыс Сібірдің оңтүстігіне ойысады. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөліктерінен Батыс Сібірге қарай ауған циклонмен байланысты, атмосфералық фронттар жылжып келеді. Республиканың көптеген бөліктерінде алдымен жылы, содан кейін суық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, кей жерлерде қатты екпінді жел соғып,  бұршақ болады деп күтілуде» - делінген синоптиктердің болжамында.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында басымырақ таулы және тау бөктері аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде, осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормадан 2-4 градусқа төмен болады.

Соңғы жаңалықтар