Қазақстанда демалыс күндері күн бұлтты болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 29 сәуір - 2 мамыр аралығына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сәуір айының соңында Қазақстанның көптеген облыстарында бұрынғыша күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, оның арты жаңбыр аралас қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы қалыпты нормадан 2-5ºС-қа төмен болуы ықтимал. Мұндай ауа райы республика аумағынан суық арктикалық ауа массаларының өтуімен байланысты. Оның артынан Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан антициклон таралады. Тек батыс облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы жоғары болады, деп атап өтті синоптиктер.

Мамыр айының басында Қазақстан аумағына келетін антициклонның арқасында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы бірінші батыста, кейін басқа өңірлерде жоғарылайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар