Қазақстанда әуежайлар мен әуе компаниялар ұшу қауіпсіздігін тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Азаматтық авиация комитеті ұшулардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында әуе көлігі кәсіпорындарында 59 сертификаттау және 434 инспекция өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңының 16-2-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды. Оның аясында сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені жүргізіледі», - делінген ведомствоның Фейсбуктегі хабарламасында.

Комитеттің нақтылапуынша, жоспар аясында коммерциялық тасымалды жүзеге асыратын 20 пайдаланушыны, авиациялық жұмыстар жүргізетін 36 пайдаланушыны, жалпы мақсаттағы авиацияның 11 пайдаланушысын, авиациялық техникаға қызмет көрсететін және жөндейтін 20 ұйымды, «Қазаэронавигация» РМК-нің 11 филиалын, іздестіру-құтқару ұшуларын қамтамасыз етуге жұмылдырылатын 14 мекемені, 24 әуежай мен әуе айлағын, 8 тікұшақ айлағын, 23 авиациялық оқу орталығын, 25 шетелдік әуе компаниясын, 4 авиациялық медициналық орталықты және 5 авиациялық медициналық сарапшыны, авиациялық қауіпсіздік саласындағы субъектілерге 44 түрлі инспекциялық және сертификациялық тексерістер жүргізу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар