Қазақстанда алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалады. Бұл туралы Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«UMC» корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында өтетін шеберлік сабағы аясында Қазақстанда алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалады. Шеберлік сабағы Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ённің қатысуымен өтеді», - деп атап өтілген баспасөз қызметі мәліметінде.

Орталықтың хабарлауынша, іс-шара мақсаты - қан топтары үйлеспейтін кезде туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеру. Осы орайда аталған технологияларды орындауға қажетті теориялық білімді жүйелендіру мен тәжірибелік машықтарды жетілдіруге назар аударылады

Соңғы жаңалықтар