Қазақстанда алғаш рет белгілі «Манон» балет спектаклінің қойылымы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Елордалық «Астана Опера»  театрының сахнасында Қазақстанда алғаш рет белгілі «Манон» балет спектаклінің қойылымы өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Басты рөлді балет сахнасында 14-ші маусым қатарынан өнер көрсеткен «Астана Опера» театрының әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева сомдады.

null 

 «Бұл қойылым Лондон Корольдік театрында қойылады. Бізге оны сахнада   алғаш рет  ойнау бақыты бұйырды. Мұны кез келген артист ойнай алмайды. Бұл спектакльге лицензияны анау-мынау театрға бере бермейді. Бұл лицензияны қойылымды ойнағаннан кейін де алып қоюы мүмкін», - деді ол.

Оның айтуынша, қойылымның күрделілігі  - техникалық орындау шеберлігімен қоса, жоғары деңгейдегі әртістік қабілетті талап ететіндігінде.

null 

Елордалық әрітстер бұл премьераға 2,5 ай дайындалды. Оған 220 бірегей костюм тігілді.

Соңғы жаңалықтар