Қазақстанда алғаш Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстанда педиатриялық көмек көрсету мақсатында еліміздің денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидаттарын белгілейтін Стандарт бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған құжат еліміздегі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «UMC», Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК және басқа да жетекші медициналық мекемелердің мамандарының қатысуымен әзірленді. БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды үй жағдайында патронаждық бақылаудың жаңа әмбебап-прогрессивті моделін ұйымдастыра отырып, алғашқы рет медициналық қызметтер тізбесі белгіленді», - деп атап өтілген министрліктің мәліметінде.

Атап айтқанда, жаңа модель баланың өміріне, денсаулығына және дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдерді анықтауды әрі төмендетуді көздейді. Еліміздегі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көп көңіл бөлінеді. Нақты бір отбасының анықталған күрделі мәселелеріне байланысты баланы патронаждық бақылау шараларының жеке жоспары әзірленуде және орындалу мерзімі көрсетілген отбасының жеке жоспары жасалуда.

«Стандарт 0-ден бастап 18 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы, өлім-жітімі және мүгедектігінің профилактикасы мен оларды төмендету бойынша аталған шараларды жүргізуді көздейді. Сонымен қатар, нәрестелерге стационарлық көмекті ұйымдастыруды жақсарту мақсатында балаларды жаңа туылған кезден бастап емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі белгіленді», - делінген хабарламада.

Фото: livestrong.com

Соңғы жаңалықтар