Қазақстанда алдағы күндері 40-45 градус аяз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет күннің күрт суытуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазақстан аумағынан Актикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде. Осыған байланысты елімізде ескерту жарияланды. 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, кей жерлерде -35 градус қатты аяз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал.

Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градустық қатты аяз болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар