Қазақстанда АЕК мөлшері 6 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2405 теңге құрайтын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «ҚР 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеті» туралы» Заңға сілтеме жасап.

Айлық есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді жүргізуге, айыппұл санкцияларын қолдануға, салықтар мен өзге де өтемдер бойынша қолданылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізге АЕК мөлшері 2269 теңгені құраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар