Қазақстанда 6 мың мемқызметші «қамқоршының» көмегінсіз лауазымы жағынан жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметте мансаптық көтерілудің жаңа үлгісі бойынша 6 мың қызметші лауазымы жағынан өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік қызметте мансаптық үлгісінің негізгі принциптерін енгізу шараларының басталғанына бір жыл болды. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке орналасу төменгі лауазымдардан басталады. Ал олардың лауызым жағынан жоғарылауы кәсіби дайындығына қарай жүргізіледі. Осының негізінде 5,9 мың мемқызметші жоғары лауазымдарға ауыстырылды. Бұл бұған дейінгі көрсекіштермен салыстырғанда, төрт есеге көп», - дейді агенттіктің мониторинг және талдау басқармасы басшысы Нұргүл Жанназарова.

Оның айтуынша, жоғары лауазымдарға тағайындаудың 80 пайызы ішкі конкурс, яғни жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі. Осы шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткен қызметшілер саны 1,8 есеге қысқарып отыр. Мемлекеттік қызметке деген қызығушылық та артты. Себебі осы салаға келіп жатқан азаматтардың саны үш есеге өсті.

Соңғы жаңалықтар