Қазақстанда 21 сәуір күні өтетін маңызды іс-шаралар шолуы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 сәуір күні өтетін маңызды іс-шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Астана әкімдігі жалпықалалық сенбілік өткізеді.

9.00-де Қызылжар орманшылығының аумағында (42 квартал) «Жасыл Аймақ» РМК 20 мың түп ағаш отырғызады. Акцияға ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Астана қаласының оқушылары мен студенттері қатысады деп жоспарланған.  

10.00-де «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» және мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай  Республика даңғылының бойындағы «Шахматшылар» скверінде  республикалық «90 түп ағаш» акциясының алғашқы көшеттері отырғызылады.

10.30-да «Мистер Олимпия» және «Арнольд Классик» байқауларының жеңімпазы америкалық кәсіпқой бодибилдинг спортының шебері Кевин Леврон Астанадағы Hummerlegend фитнес-орталығында жаттығу өткізеді.  

АЛМАТЫ

09.00-де ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен бірқатар ғылыми-зерттеу институттарын аралайды.

08.00-де Қазақстандағы ең ауқымды жүгіру шарасы - Алматы марафон! ұйымдастырылады.

ӨСКЕМЕН

09:00-де ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

11:00-де «Ұлыстың ұлы күні - ұлы  той» мерекесі ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар