Қазақстан заңгерлері Сұлтан Сартаевты 90 жасқа толуымен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әйгілі заңгер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаевтың 90 жасқа толғанына орай, Алматыда Қазақстан заңгерлерінің басын қосқан ғылыми жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Академиктің 90 жасына орай ұйымдастырылған «Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесіндегі дамудың өзекті мәселелері атты» халықаралық ғылыми-теориялық конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтті.

Қазақстан тәуелсіздігінің ірге тасын қалаушылардың бірі - Сұлтан Сартаевтың құттықтауға оның шәкірттері, бүгінгі түрлі лауазымды қызметтер атқарып отырған белгілі заңгерлер жиналды. Әр мемлекеттен, танымал тұлғалардан келген құттықтау хаттар оқылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов оқып берді.
null 

«Құрметті Сұлтан Сартайұлы, сізді 90 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймын. Халқымыз өзіңізді Қазақстан заң ғылымының көрнекті өкілі, ұлағатты ұстаз және белгілі қоғам қайраткері ретінде қадірлейді. Сіз ондаған жылдар бойы жоғары оқу орындарында сабақ беріп, басшылық жасап, болашақ заңгерлер мен осы салаға арнап ғылыми кадрлар тәрбиеледіңіз. Кемел біліміңіз, мол тәжірибеңізбен зор беделіңіздің арқасында еліміздің Жоғарғы кеңесінің депутаты болып, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құқық жүйесін қалыптастыру мен дамыту ісіне сүбелі үлесіңізді қостыңыз. Заңгерлердің халықаралық мәртебелі жиындарында ел атынан сөз алып, өзіңізді әлемдік деңгейдегі ғалымдардың бірі ретінде таныттыңыз. Қажырлы еңбегіңіз әр жылдары ең жоғары ғылыми марапаттармен және бірқатар мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сіздің өнегелі еңбек жолыңызбен ел игілігіне арнап атқарған істеріңіз өсіп келе жатқан ұрпақтар үшін әрдайым жақсы үлгі болып қала береді деп ойлаймын», - деп жазылған Елбасы Н.Назарбаев құттықтауында.    

Ғылыми конференцияда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат аппаратының басшысы Серік Сыдықов оқып берді. Сондай-ақ, жиында ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің құттықтау хаты да оқылды. Оны ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және соттық-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров таныстырды.  

null 

Мерейтойы иесін құттықтауға Астанадан бірқатар лауазымды тұлғалар да келіп, өз естеліктерімен бөлісті.

Атап айтқанда, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов,  ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов академиктен дәріс алған студенттік кездеріндегі естеліктерімен бөлісті.

«Конституциялық кеңес қызметкерлерінің дені Сұлтан Сартаевтың шәкірттері. Сұлтан Сартаевтың ҚазССР-нің тәуелсіздік туралы деклорациясы, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң, Қазақстандағы тілдер туралы, Қазақстан азаматтығы, Қазақстанның 1993, 1995 жылдардағы Конституцияларына әзірлеу сияқты елімздің тарихындағы тағдыр шешті құжаттардың басы-қасында болу ерекше атап өтуіміз қажет»,  - деген Игорь Рогов Конституциялық кеңес атынан С.Сартаевқа «Конституцияға адал қызметі» үшін белгісін табыс етті.

null 

Академик жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

«Заң ғылымының ақсақалдарына, бүгінгі жиынға қатысушы, белгілі себептерге байланысты қатыса алмағандардың барлығына алғысымды білдіремін. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымында қызмет ететімен мақтанамын. Әр танымал адам өзінен өзі танымал болмайды. Сіздей адамдардың қолдауымен танымал болады. Осындай шынайы ықыластарыңызға алғыс айтамын. Менің жасыма жетіңіздер», - деді академик.

Жиында С.Сартаевтың 90 жылдығына арналған «Академик С.Сартаев и его вклад в развитие государственно-прававой системы Республики Каазахстан: прошлое, настоящее, будущее» деп аталатын кітаптың тұсауы кесілді. 

Соңғы жаңалықтар