Қазақстан тұрақтылықты сақтауда ОА елдері ішінде үздік- германиялық сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау тұрғысында Қазақстанның таңдаған жолы Орталық Азияда ең үздік болып табылады. Шығысеуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының (Германия) ғылыми қызметкері, доктор Беате Эшментпен осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясы аясында өткізілген «Кең ауқымды қазақстандық ұлттық бірегейлік: сыртқы көзқарас» атты ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында Беате Эшментпен Қазақстанды 20 жыл бойы зерттеп жүргенін айтады.

«Қазақстандағы ұлттық саясатты, ұлттық азшылықты зерттеп жүргеніме 20 жылдан астам уақыт өтті. Меніңше, қазақстандық жол - өте дұрыс. Әлемдегі әрбір мемлекет үшін ортақ үйдің болуы аса маңызды. Мінекей, ортақ үй жайлы идея - өте табысты екенін уақыт көрсетіп отыр. Меніңше, бұл идея Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр», - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, ортақ үй идеясы қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді.

«Қазіргі таңда ең басты мәселе - ұлттық емес, экономикалық сипатта екені айқын. Себебі, егер адамдар тірліктен қиналса, олардың санасында бірден: «Кім кінәлі?» деген сұрақ туындайды. Барлық жерде осылай», - дейді Беате Эшмент.
null

Ол сонымен қатар, Орталық Азиядағы өзге мемлекеттерден қарағанда Қазақстандағы жағдай бірегей екенін, мұнда жүздеген ұлт өкілдері тұрып жатқанын атап өтті.

«ҚХА туралы айтар болсақ, Қырғызстанда да мұндай институт бар. Бірақ, ол туралы ешкім ештеңе білмейді. Ассамблея - бұл өте сәтті идея. Мен сенбі күні өтетін шараны көргім келеді. Бұрын мен ҚХА жұмысы туралы тек оқып жүретін едім. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы жағдайларға шынайы әсер ете алатынын ескерсек, қазақстандық жолдың Орталық Азияда ең табысты екеніне көзіміз жетеді», - дейді Беате Эшмент.

null

Соңғы жаңалықтар