Қазақстан Теңіз мұнайының 15% ішкі нарыққа бағыттауы мүмкін

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Теңіз мұнайының 15% ішкі нарыққа бағыттауы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ішкі нарыққа мұнайды жеткізу Өнімді бөлісу туралы келісімде қарастырылған. Оған сәйкес, мемлекет ішкі тапшылық орын алған жағдайда, қажеттілікті қанағаттандыру үшін мердігерден мұнайдың 15% дейінгі көлемін алуға құқылы», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз бөлімі, Келісімнің кейбір тұстарын алғаш рет жариялай отырып.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Теңіз кен орнында 27 миллион тонна жеңіл мұнай өндірілуде. 2016 жылы кен орнында үшінші буын зауытының құрылысы басталды. Оның құрылысы аяқталған соң, Теңіздегі мұнай өндірісі жылына 37 млн тоннаға жететін болады.  Отандық мұнай өңдеу зауыттарында шикізатқа деген тапшылықтың болмауына байланысты, Теңіздің барлық мұнайы экспортқа жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар