Қазақстан Тәжікстанға қазақтың асыл тұқымды малын жеткізуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 маусымда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Саттори Иззатулломен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларын өзара жеткізу мәселелері талқыланды. Тараптар тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде Тәжікстанға жоғары сұрыпты картоп тұқымын, генетикалық материалдарды және жоғары өнімді қазақтың асыл тұқымды ақбас жануарларын жеткізуге қызығушылық білдірді.
null

Сонымен қатар, тараптар халықты тамақ өнімдерімен және азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету екі мемлекеттің басымдықты бағыттары болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда, Н. Сейтімов 2016 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас ассамблеясының құрылтай сессиясы аясында Тәжікстан қол қойған Жарғыны тәжік жағы жақынарада ратификациялайды деген үмітін білдірді.

Сұхбат соңында қазақстандық дипломат С. Иззатуллоға кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан қарым-қатынастарын стратегиялық әріптестік рухында нығайту ісіндегі жемісті ынтымақтастыққа дайындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар