Қазақстан Президенті терроризммен күресте бірігуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мир» телеарнасына берген сұхбатында терроризмнің билік жоқ жерде пайда болатынын айтты.

«Террористер, экстремистер, бандиттер билік жоқ жерде пайда болады. Оларға осындай жерде өмір сүрген ыңғайлы. Ирактан, Сириядан бір жапырақ жерді басып алды да өздерінің «Ислам мемлекеті» екенін жария етті. Терроризм әлемді шарлап кетті. 65 миллион босқын, олардың 14 миллионы балалар. Соңғы 3 жылда миллионнан астам адам құрбан болды. Тек Сирияның өз ішінде ғана 5 миллион адам. Олар барлығын тастап кетті. Бүгінде олар баспанасыз, жылусыз, емделуге мүмкіндіксіз өмір сүріп жатыр. Жаныңдағы адам аштықтан қырылып жатқанда қалайша алаңсыз өмір сүруге болады», - деді Назарбаев.

Елбасы терроризммен күресте бірігуге шақырды.

«Онсыз жеңе алмаймыз. Барлығы да осыған келе жатқан сияқты. Біз осы зұлымдықпен күресушілер жағында жүріп қарсылық көрсетудеміз», - деді Мемлекет басшысы.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана Санкт-Петербургте болған теракт, ҰҚШҰ мен НАТО-ның ұқсастығы туралы және Астананың сирияаралық келіссөздер алаңы ретіндегі мәселелер туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар