Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -22 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Қазақстан Президенті мамырда Қытайға сапармен барады

2017 жылғы 21 сәуір 19:18 1109
Поделиться:
Қазақстан Президенті мамырда Қытайға сапармен барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ван И екі елдің мемлекет басшыларының алдағы уақыттағы өзара сапарлары барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстан Президенті мамырда Қытайға сапармен барады
«Екі жақты келіссөздер тақырыбының бірі жоғары деңгейдегі сапарларға дайындық мәселесі болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 14-15 мамырдағы Бейжіңде өтетін «Бір белдеу  бір жол» халықаралық форумына қатысуы және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 7-9 маусымда ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары дайындығына қатысты мәселелер талқыланды», - деді қытайлық әріптесімен кездесуден кейінгі брифингте Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстан Президенті мамырда Қытайға сапармен барады  

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің 8-отырысы барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаоли  Си Цзиньпиннің Қазақстан елордасына сапармен келетіндігін мәлім еткен болатын.

Қазақстан Президенті мамырда Қытайға сапармен барады  

 «Таяу екі айдың ішінде біздің Мемлекет басшыларымыздың кездесуі өтеді деп көзделген. Сіздердің Президенттеріңіз мамыр айының ортасына қарай Қытайға келеді, онда ол «Бір белдеу - бір жол» атты халықаралық форумның жұмысына қатысады. Төраға Си Цзиньпин маусым айының басында Астанаға сапарлап, ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-ға қатысады. Сондықтан олардың арасында өте маңызды кездесулер өтеді», - деді Чжан Гаоли.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат