Қазақстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды. 

Соңғы жаңалықтар