Қазақстан отандық автомобиль дискілерімен қамтамасыз етіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Павлодар облысында маңызды алюминий өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бұл өңірде қоспалы алюминий өндірісі мен осы алюминийден автомобиль дискілерін шығаратын «Giessenhaus» ЖШС өндірісі жұмысын бастады. 

«Павлодарда жоғары деңгейдегі қайта өңдеудің екі жаңа алюминий өндірісі іске қосылуда. Жылына 36 мың тонна қоспалы алюминийді қазақстандық әрі шетелдік кәсіпорындарға жеткізуге дайынбыз», - деді жалпыұлттық телекөпір кезінде «FORWOLL GROUP» компаниялар тобының бас директоры Руслан Литвинов.

«Жалпыұлттық телекөпір барысында атап өтілген мәліметтер көңіл көншітеді. Қара әрі түсті металы бар ел ретінде бізге бұл ресурстарды өндірумен қатар, оларды өңдеп, қажетті бұйымдарды жасау маңызды. Мен үнемі алюминийді өңделген күйінде шығаруды талап етіп келемін. Енді алюминийден басқа да заттарды шығаруға ерекше назар аудару керек», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында.

Соңғы жаңалықтар