Қазақстан Орталық Азия үшін өзекті мәселелерді ретімен ілгерілетуде - РФ СІМ

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан Орталық Азия үшін өзекті мәселелерді ретімен ілгерілетуде. Мұндай пікірді бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің министрлер деңгейіндегі отырысында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен Қазақстанның Орталық Азия үшін басымдыққа ие мәселелерді ілгерілетудегі ретімен əрі жауапты қадамын, өңірдің елдері алдында тұрған нақты проблемаларды шешуге ұмтылысын атап өткім келеді. Қазақстандық достарымыздың бүгінгі отырысты көптеген елдер үшін өзекті тақырыпта өткізуін қолдаймыз», - деді Лавров.

Айта кетейік, бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған министрлер деңгейіндегі пікірсайыс өтуде.

Соңғы жаңалықтар